Қазығұрт ауданында 61 елдімекеннің 59-ы ауыз сумен қамтылған

Қазығұрт ауданында 61 елдімекеннің 59-ы ауыз сумен қамтылып, өңірде тұрғындарды ауыз сумен қамту көрсеткіші 96,7 пайызды құрады. Былтыр Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 26 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қызылдихан елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 72 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Биыл Қазығұрт елді мекенінде ауыз су ұңғымасын салуға 623,8 млн.теңге қаралды. Жаңаталап, Қақпақ елді мекендеріне су құбырларын жүргізуге 60,4 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Сондықтан ауылдарды қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағыттардың бірі. Өңірімізде өткен жылы мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз сумен қамтылды. Сондай-ақ, 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Облыста 720 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Былтыр жыл соңына дейін 16 елді мекенде су жүйелері жүргізіліп, ауыз су беріледі.

Облыстық энергетика және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р. Мұздыбековтың мәлімдеуінше, биыл 47 нысанның құрылысына бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп,  ағымдағы жылы 37 нысанның құрылысы аяқталады. Ал, қалған 10 нысан 2025 жылға өтпелі болады. Нәтижесінде, 14 елді мекен (Сарыағаш – 2, Отырар – 1, Төлеби – 1, Келес – 5, Созақ – 4, Қазығұрт – 1) ауыз сумен қамтылып, 13 елді мекеннің (Бәйдібек – 1, Ары – 1, Сарыағаш – 1, Төлеби – 4, Жетісай – 2, Мақтаарал – 2, Түлкібас – 1, Шардара – 1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *