Төлеби ауданы бірнеше елді мекенде фелдшерлік-акушерлік пункт салынады

Төлеби ауданында былтыр 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және (Кеңесарық,  Зертас, Жаңажол, Диханкөл) 1 дәрігерлік амбулатория (Аққұм) құрылысына 41 млн. теңге қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биыл Ұлттық қор есебінен Зертас елді мекеніндегі Шомшақты фелдшерлік-акушерлік пункт құрылысын бастауға 204 млн теңге қарастырылды.

Айта кетейік, өңірімізде денсаулық сақтау саласында медициналық техникамен қамтамасыз ету деңгейі 84,21%-ды құрады. Медициналық инфрақұрылымды жақсартуға да баса назар аударылуда. Сала мамандарының мәлімдеуінше, биыл облыста 14 нысан пайдалануға берілсе, тағы алтауының құрылысы жоспарланып отыр.

Жақын арада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тағы бір маңызды жоба қолға алынбақ. Бұл – Сарыағаш қаласындағы перинаталдық орталығы бар заманауи медициналық кешеннің құрылысы. Бүгінгі күні нысан құрылысына арнайы жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ал, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жаңа нысан салу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *