Қонаққа барамын деп ұялы телефонын ұрлатып алды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген қарт кісі досының үйіне қонаққа келген. Қонақ бөлмесінде өзге біреудің шкаф сөресіне «Oppо Reno» маркалы ұялы телефонын қойғанын көрген. Ол ешкім бақыламай тұрған сәтін пайдаланып, ұялы телефонды жымқырып үлгерген.
Бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жұмсаған. Ұрланған ұялы телефонды тәртіп сақшылары тәркілеп, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті ер адамның осыған ұқсас басқада қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *