Полиция жұмыс орнында ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 24 жастағы жігітті құрықтады. Анықталғандай, түнгі кезекшілікте болған кезде күдікті өзі жұмыс жасайтын кәсіпорында су монометрінің 9 данасын жымқырып кеткен. Яғни ол ұрланған заттарды сатып, одан пайда көрмек болған.
📎Полицейлер күдікті жігіттен айғақты заттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *