Полицейлер жолаушыдан есірткі тәркіледі

Сауран аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері аудан орталығы көшелерінің бірінен күмән тудырған «Нексия» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары тексеру кезінде көліктегі жолаушының қалтасынан пакетке оралған хош иісі бар есірткіге ұқсас зат тауып, тәркіледі.
47 жастағы тұрғынынан алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес алынған зат 20 гр. астам марихуана екені расталды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты есірткіні сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *