Шымкентте 270-ке жуық қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде жол қозғалысы қағидаларын бұзған 268 тізгіндеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде рульде отырғанда ұялы телефон пайдаланған 45 адам, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған 18 тұлға, маневр жасау қағидаларын бұзған 22 жүргізуші және автобусты техникалық байқаудан өткізбеген 20 азаматқа хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ, бір көлік құралы айып тұраққа қамалып, автобус парктерінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.
Осы тұста, тәртіп сақшылары тасымалдаушы көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ЕСКЕРТЕДІ!