Кентаулық ұстаз республикалық байқауда медициналық сауаттылық бойынша жоба қорғап, жеңіске жетті

Түркістан облысы Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қосжанова Меруерт Муслумханқызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» байқауының республикалық кезеңінің ІІІ орын жүлдегері атанды.
Байқаудың республикалық кезеңінде өзінің креативтілігімен, әрі шығармашылығымен көзге түскен педагог «Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық)» бағыты бойынша жоба қорғап,
жоғары баға алған.
Педагогтың еңбегі ақталып, жұмысы марапатталып, беделі биіктеп жатса, ол ұстаздың жетістігі. Байқауда облыс атынан сынға түскен білікті педагогты жеңісімен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *