Қызметтік ит полицейлерге шетелдік азаматтан есірткіні анықтауға көмектесті

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Карпина» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі берген.
Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған Өзбекстан елінің азаматын тінту кезінде шалбарының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас зат тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік текстес зат салмағы бір грамға жуық «марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *