Шымкенттік полицейлер кәсіпқой пәтер ұрысын қолға түсірді

2 130 000 теңгенің әшекей бұйымдарын жоғалтқан қала тұрғыны мегаполистің тәртіп сақшыларына жүгінді. Әйел өзі жоқ кезде үйінен алтын бұйымдар ұрланғанын айтып шағымданды.
Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері арызды СДТБТ-не тіркеп, аталған жайт бойынша тергеуге кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері ұрыны анықтап, оны Ақмола облысында ұстады.
Бұған дейін, осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Жетісай қаласының тұрғыны Шымкент пен Түркістан облысындағы пәтер ұрлығының жиырма дерегіне қатысы бар екені анықталды. Ол, бір ғана Еңбекші ауданында 8 үйге ұрлыққа түсіп, 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Ер адам тұрғын үйге есіктерді немесе терезелерді бұзу арқылы кірген. Көбінесе зергерлік бұйымдар, қолма-қол ақша мен ноутбуктарды ұрлауға әуестенген. Сонымен қатар, тәжірибелі ұры тапқан олжаларын тек базарларға ғана өткізген.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Пәтер ұрлығының алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады. Мүлікті сақтаудың сенімді жолы — терезелерге жоғары сапалы темір торлар мен құлпы мықты есік орнату. Дабылдар мен бейнебақылау камералары да осындай қылмыстармен күресудің тиімді құралы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *