Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында «BMW-530» маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, жол көлік оқиғасын жасады. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.
Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-нің анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы» бойынша тіркелді.
Анықтаушылармен қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.
Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *