Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері кәсіби даярлық шеңберінде оқу сабағын өткізуде

ІІО-дағы ең шығармашылық мамандықтардың бірі — криминалисттің жұмысы болып табылады, себебі ол ғылыммен байланысты. Оқиға орнын тексеру нәтижелері жедел-криминалистикалық бөліністер қызметкерлерінің кәсібилігіне, практикалық тәжірибесіне және қажырлы еңбегіне байланысты.
Осыған орай, Шымкент ҚПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисттік полигонында аудандық полиция басқармаларының бөлім басшылары мен криминалисттеріне кәсіби даярлық шеңберінде оқу сабағын өткізді.
Сабақ барысында, қылмыс орнында қылмыскермен қалдырылған қол саусақ іздерінен басқа да бұзу кұралдарының, аяқ киім, дөңгелек іздері мен т.б кешенді іздерді «микросил» және «гипс» кұймалары арқылы алу тәсілдері көрсетіліп, түсіндірілді.
Қызметкерлердің кәсіби даярлық шеңберін арттыру мақсатында, аптаның әр сенбі күні Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисттік полигонында сабақ өткізу жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *