Келесте 30 мыңға жуық ағаш көшеттері егілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне елді мекендерді көгалдандыру, егілген ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, көгалдандыруға қатысты жұмысты күшейте түсуді тапсырған болатын.
Осы тапсырма аясында Келес ауданында жыл басынан бері 29 470 дана ағаш көшеттері егілді. Қойылған жоспардан 5 770 дана ағаш көшеттері артығымен отырғызылды. Бүгінде егілген ағаш көшеттерінің 80 %- ға жуығы тамыр алып, көгеріп тұр.
– Аудан орталығына 5200 дана ағаш көшеттерін егу жоспарлануда. Осы жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде атқару мақсатында аудан орталығы Абай ауылын ауылдық округтер және дербес бөлімдерге секторларды бөлу жолымен ағаш егу, қоршаулар орнату, суғару, күтіп баптау, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылады. Жоспарлы жұмыстарды атқаруда жергілікті тұрғындарды да жұмылдыру қажет, – деді аудан басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *