Түркістан облысындағы жылу желілерінің 46,5 пайызы тозған

үркістан облысындағы жылу желілерінің 46,5 пайызы тозған. Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Орынбекұлы мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде қысқа дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Егер, күн райы бес тәулік бойы +8 градустан төмен болса, аудан-қала әкімдері жылу маусымын бастау жөнінде шешім қабылдайды.

«Жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі — 1 021,3 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда көмір вагондары тұрақты келіп жатыр. 1 мамыр — 28 тамыз аралығында «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ арқылы облысқа 212 мың тонна көмір жеткізілді. Көмір сақтау қоймаларында 138,9 мың тонна көмір бар. Шұбаркөл маркалы көмірдің орташа бағасы тоннасына — 15-24 мың теңгеден сатылуда» — деді, басқарма басшысы.

Бүгінде Кентау қаласындағы жылу орталығының 4 қазандығы облыстық бюджет есебінен жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан тағы 4 қазандық қайта қалпына келтірілуде. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары толық аяқталып, жаңа құрылғыларды орнату жұмыстары басталған.

«Облыстағы жылу желілеріне тұтастай техникалық зерттеу жүргізілген. Жылу желілерінің тозуы 46,5 пайызды құрап отыр. Оларды реконструкциялау бойынша 2025 жылға дейін іс-шаралар жоспары жасақталды. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы 4,7 шақырым магистральды жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде» — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *