Полиция қызметкерлері 93 жастағы қарияның жеке куәлігін жаңартты
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері полиция подполковнигі Е.Жанысбаев пен полиция капитаны Б. Исмаилов, 93 жастағы қарияның жеке куәлігін жаңартып берді.
Тыл ардагері Ғани Зулпыхаров Рабат елдімекенінде 1930 жылы дүниеге келген. Ақсақалдың жеке куәлігінің мерзімі өтуіне байланысты сақшылар үйіне барып, керекті құжаттарды жинақтап, тиісті шараларды атқарды. Нәтижесінде ҚР-ның жеке басын растайтын жеке куәлікпен құжаттандырып, ардагердің үйіне апарып табыстады.
Осы ретте қария өзі секілді қарттарға көмек қолын созып, халқының әрдайым қасынан табылып жүретін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.