Шымкентте 65 миллион теңгеден астам қаражатты қолды еткен «жалған банкирлерге» сот үкімі шықты

Шымкенттің алты тумасы жарты жылда 27 қазақстандықтың 65 миллион теңгеден астам қаражатын қолды еткен. Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды және басқа да аймақтардың тұрғындары бар.
Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін мегаполис пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды.
«Жалған банкирлер» белгісіз нөмірден қоңырау шалып, тұтынушылардың қаржысына қол сұғу ықтималдығы туралы хабарлап, ақшасын сақтап қалу үшін телефон арқылы бірнеше онлайн операцияларды орындауын сұраған. Осылайша, несие рәсімдеп, оларды «қауіпсіз» шоттарға аударып отырған.
«Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды. Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары «дропперлерді» тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан. Полиция қылмыстық істің томдарын барлық дәлелдермен сотқа жіберді. Сот үкімімен алаяқтар үш жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды» — делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *