Түркістан облысында сессияға себепсіз қатыспаған депутаттар мандатынан айрылады

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының жаңа әдеп номаларының регламенті дайындалуда. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов мәлімдеді.

Алдағы уақытта Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының жаңа әдеп нормаларының регламенті бекітіледі. Онда себепсіз екі рет сессияға қатыспаған халық қалауларына арнайы шара қолданылады. Ал, үш рет себепсіз сессияға келмесе мандатынан айыру туралы сайлау комиссиясына ұсыныс енгізіледі.

Сонымен қатар, сессия барысында әдепсіздік танытып, біреудің ар намысына тиетін сөздер айтып, құқын таптау ісі де қатаң қаралмақ.

Брифинг барысында Нұралы Әбішов ел ішіндегі «депутаттар жоғары жалақы алады»-деген пікірге де арнайы тоқталып өтті.

«Жалпы облыстық, аудан, қалалық мәслихат депутаттарына мемлекет тарапынан ешқандай мүмкіндіктер мен жеңілдіктер қарастырылмаған. Жалақы да төленбейді. Кәсіпкер депутаттарға салықтан да жеңілдіктер көрсетілмейді. Тек қоғамдық жұмыс»-деді ол.

Айта кетейік, Түркістан облыстық мәслихатында 46 депутат бар.

Жыл басынан бері облыстық мәслихаттың 4 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 53 шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *