Ауданда репрессияға ұшыраған өзге ұлт өкілдері іздестірілуде

Осыдан біраз уақыт бұрын елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі бойынша мемлекеттік комиcсия құрылған болатын. Комиссия төрағасы Е.Кариннің тапсырмасын орындау мақсатында облыстағы барлық аудан, қала, ауылдық округтерден қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар мен олардың ұрпақтарынан естеліктер, мәліметтер, фотосуреттер мен құжаттар жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Жақында Сайрам ауданындағы Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының, аудандық кітапхананың, ардагерлер кеңесінің, аналар кеңесінің, ассамблея жастарының, дін саласының өкілдерінің, архив қызметкерлері мен ауыл билерінің қатысуымен «Ұрпақтар диалогы» атты тақырыпта репрессия уақытында ата-бабалары қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтармен кездесу өтті.

Түркістан облысы мен тарихи-мәдени мұраларды, киелі орындар мен ескерткіштерді сақтау және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері төңірегінде  Алқалы жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-сі аудандық филиалының басшысы Б. Айтбаев жүргізіп отырды. Іс-шара барысында тарихшыларымыз тарихтан сыр шертсе, көпті көрген көнекөз қариялар саяси қуғын-сүргінге ұшыраған бабаларымыздың қиын-қыстау замандағы өмірі туралы естеліктер айтты. Жиын соңында құрбандарды ақтау, олар жөнінде мәліметтерді іздеп табу жөнінде әнгіме өрбіп, игі істерді бірлесіп атқаруға уағдаласты.

Айта кетейік, бүгінде Сайрам ауданында 40-тан астам ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Олардың арасында да репрессия уақытында қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар көп болды. Сала мамандары алдағы уақытта оларды ұрпақтары арқылы тауып, аты-жөндерін анықтап, зерттеу жүргізетін болады.

Жалпы Қазақстанда Еуразия континентіндегі барлық этностардың өкілдері тұрады. Статистикалық деректерге сүйенсек, 1920 жылы Қазақстанда 30 этнос өкілінің тұратын болса, 1970 жылғы халық санағы бойынша олардың саны 114-ке жеткен. Ал 1986 жылы — 120. 1999 жылы Тәуелсіз Қазақстандағы санақ бойынша елде 130-ға жуық этнос өкілі тұратыны анықталған. Қазіргі  таңда олардың саны – 140.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *