Ханимбувидің тұтынған заттары музейге тапсырылды

Бүгінде достықтың алтын тұрағына айналған Сайрам ауданында 40-тан астам ұлт өкілі тұрады. Олар түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, еліміздің экономикалық жағынан дамуына үлес қосып келеді. қазіргі таңда арамызда болмағанымен, еңбек жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп отыратын жандар жетерлік. Солардың бірі  — ұстаз-тәрбиеші Ханимбуви Мирахмедқызы Абдикадирова.

Ханимбуви Мирахмедқызы 1969 жылы Сайрам ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1969 жылы Сайрам ауылында «Тельман» атындағы орта мектепте тәлімгер болып бастаған. №3 Сайрам мектеп интернатының директоры міндетін абыроймен атқарған Ханимбуви Мирахмедқызынанөскелең ұрпақтың алары көп. Ханимбуви Мирахмедқызыбасшылық еткен жылдары мектеп интернет көптеген жетістіктерге жетіп, биіктен көріне бастағаннан кейін оған №4 Сайрам балалар үйін басқару міндеті жүктеледі. Ол басшылық еткен жылдары бұл мекеменің де материалдық-техникалық базасы нығайып, балалардың сабақ үлгерімі жақсарады. Атқарылған қыруар жұмыстың нәтижесінде жыл сайын балалар үйінің түлектері жоғары оқу орындарына түсіп, мамандық меңгеріп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Адал еңбегінің арқасында білікті басшы Ханимбуви Мирахмедқызы «КСРО ағарту ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Сайрам ауданының Құрметті азаматы» атақтарын алып, облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығына ие болды. Ханимбуви Мирахмедқызы 2021 жылы дүниеден өтті. Ол кісі қайтыс болған соң оның көзі тірісінде тұтынған құнды жәдігерлері «Ардақты ана» музейіне қойылды.Музейден Ханимбуви Мирахмедқызына арнап бұрыш ашылып, Ханимбуви Мирахмедқызының жүріп өткен өмір жолы мен суреттері келушілердің назарына ұсынылып отыр.

Сайрам ауданында бүгінде қазақ, орыс, өзбек, әзірбайжан,  тәжік, татар, түрік, кәріс, украин, күрді, неміс, ұйғыр, шешен, қырғыз ұлтының өкілдері татулықта, бірлікте өмір сүруде. Өңірде түрлі этнос өкілдерінің бірлестіктері қарқынды жұмыс істеп келеді. Бірлестіктер этностардың тарихын, ана тілін, ауызша және жазбаша әдебиетін, ұлттық өнерін, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтау және дамыту бағытындағы шараларды атқарады.

 

Ж.СЫЗДЫҚОВА,

«Ардақты ана» музейінің қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *