Біз биылғы талапкерлерге өңірлік университеттерге түсуге кеңес береміз – Вице-Министр
2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биылғы талапкерлерге өңірлік университеттерге түсуге кеңес берді.
«Жалпы, биылғы өзгерістердің басым бөлігі өңірлік ЖОО-ларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Еліміз бойынша студенттердің 1/3 бөлігі Алматыда оқиды, себебі 35 ЖОО осы қалада. Бұл өз кезегінде жатақхана жетіспеушілігіне алып келуде. Сондықтан біз биылғы талапкерлерге өңірлік университеттерге түсуге кеңес береміз: сапа жағынан еш кем түспейді, жатақхана мәселесі де жоқ», — деді ол.
Сонымен қатар, вице-министр өңірлерде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатқанын еске салды.
«Мысалы Аризона университетінің филиалы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универсиетітнің базасында, ал Heriot-Watt университетінің филиалы Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы университетініңн базасында ашылып жатыр», — деді Қуаныш Ерғалиев.