Түркістан облысында жасөспірімнің басына абайсызда оқ тиіп, қайтыс болды

8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.
Күдікті, Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *