Ел арасында тыныштық пен тұрақтылықты сақтау жайлы айтылды

Осындай тақырыпта Сайрам ауданында акция өтті. Бүгінде Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «Экономикалық қауіпсіздік: «Өркендеу мен тұрақтылық кепілі» акцияған мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері мен аудандық мекеме басшылары, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты. Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев ашып беріп, жүргізіп отырды.

Жиында алдымен аталмыш департаменттің жедел уәкілі А.Қадыров баяндама жасап, 2023 жылдың маусым айында Түркістан облысына қарасты барлық қала-аудандарында департаменттің бастамасымен бір мезетте «Экономикалық қауіпсіздік: «Өркендеу мен тұрақтылық кепілі»» акциясы өткізіліп жатқанын мәлімдеді.

— Акцияның басты мақсаты — облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттырып, қаржылық алаяқтың алдын алу, сонымен қатар, елдің бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Профилактикалық акция аясында халыққа қаржылық қауіпсіздік негіздері, қаржылық алаяқтың түрлерімен және алаяқтың құрбаны болмаудың жолдары, құрбаны болған жағдайда қандай әрекеттерге бару қажеттілігін назарларыңызға жеткіземіз, -деді А. Қадыров.

Мұнан кейін қаржылық сауаттылық пен қаржылық пирамидалар туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады. Кейінгі сөз кезегінде аудандық мәслихаттың депутаты Курганов Бабур, білім және әлеуметтік сала мамандары өз ой-пікірлерін білдірді.

Жиналғандарға аудан аумағындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауатты құқықтық кеңес беру, қарапайым халықтың қаржылық қауіпсіздігін және сауаттылығын арттыру, қаржылық пирамидаларының алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Күнделікті тіршілікте кездесетін мұндай жағдайлардың елдің тұрақтылығын, тынышын бұзары сөзсіз. Тұрғындардың бір-бірімен тату-тәтті тіршілік кешіп, тұрақтылықты сақтауда мұндай шаралардың тигізер пайдасы орасан зор. «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы осы мәселемен де жіті айналысатыны сондықтан.

Жалпы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында межелі міндеттерді жоспарлы әрі жүйелі түрде жүргізеді. Атап айтар болсақ, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, этносаралық ахуалға тұрақты мониторинг жасайды, этностар жинақы шоғырланған жерлердің өзекті мәселелерін саралайды, проблемаларын анықтайды және олардың шешу жолдарын қарастырады. Ассамблея қаншама ұлт өкілдерінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті тіршілік кешіп, ел игілігіне бағыттаған бастамаларды бірлесе атқарып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуына өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, жүзден астам ұлт өкілдерін маңайына топтастыруда ған Ассамблея уақыт өте келе өз тиімділігін көрсетіп қана қойған жоқ, мемлекеттік деңгейдегі үлкен маңызға ие екендігін айқындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *