Қостанай облысында қатты желден баланың үстіне ағаш құлады
Оқиға 11 маусым күні, Қостанай облысындағы саябақта болды. Аяқ астынан жел тұрып, 13 жастағы баланың үстіне ағаш құлаған, деп хабарлайды Аlau.kz.
«Балалар алаңда ойнап жүрген. Кенет жел тұрып, басқа балалар тұра жүгіргенде, менің ұлым қашып үлгермеді. Оның үстіне ағаш құлап, есінен танып қалды. Маңайда жүрген үлкендер жедел жәрдем шақырды. Ұлымның басы жеңіл жарақаттанған»,- дейді баланың анасы.