Халқы эвакуацияланған ауылдарда 100-ге жуық сарбаз кезекшілік атқарады – Абай облысы

Бүгін ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен Абай облысындағы өрт салдарынан халық эвакуацияланған Половинка, Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімнің 100-ге жуық сарбазы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

«Әскерилер ауылдарда мородерлікке жол бермеу үшін қоғамдық тәртіпті күзетіп, ауылда қалып қойған тұрғындарды эвакуациялап, зардап шеккендерге көмек көрсететін болады. Аталған орындарда жауынгерлік қызмет Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің жеке қадағалауымен ұйымдастырылған. Қазіргі таңда Абай облысындағы орманның ауқымды жерін жалмаған өрт әлі толық сөндірілмей, маңайда орналасқан ауылдарға қауіп төндіруде», — дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Еске салсақ, осыған дейін өскемендік еріктілер Абай облысына 5 көлікке тиелген гуманитарлық көмек жөнелткені хабарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *