Шардаралық ата-аналардың шағымымен жазғы лагерде зерделеу шаралары басталды

Шардаралық бір топ ата-ана балаларын жіберген жазғы лагерге қатысты шағымдарын әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Онда видео авторлары демалыс аймағының талапқа сай келмейтіндігін айтқан және тәрбиешілердің ішімдік ішіп алғанын сөз еткен. Тіпті, балалардың да «үйге қайтайықшы» деген сөздерін желіге жүктеген.

Аталған жағдайға байланысты Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі зерделеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде 1-2 ата-ана жазғы-сауықтыру лагерінің жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізіп, ата-аналарға ұл-қыздарын алып қайту жөнінде айтқан. Содан ата-аналар арасында түсініспеушілік туындаған. Осыған орай Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ж.Маханбетов пен бас маманы К.Оспанова және Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қадырбаева тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде», — делінген ақпаратта.

Жалпы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түлкібас ауданы, Састөбе ауылында орналасқан «Арман» және «Ерке» жекеменшік жазғы сауықтыру лагерлері арасында түзілген келісім-шарт негізінде 8 маусымнан бастап 600 оқушы демалысқа жіберілген. Оқушылар үшін лагердегі демалыс уақыты 10 күнді қамтиды. Мұнда демалуға негізінен көп балалы, жартылай жетім және аз қамтылған отбасылардың балалары келген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *