Әлеуметтік желіде белсенді болу үшін қоғамдық тәртіпті бұзған жігіт ұсталды
Түркістан облысында жас жігіт әлеуметтік желіде белсенді болу үшін қоғамдық тәртіпті қасақана бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
Instagram парақшалардың бірінде жас жігіттің қасақана заңға қайшы әрекет жасаған бейнежазбасы назарға ілікті. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, қасындағы достарымен бірге полицияға жеткізілді.
Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК 364-бабының 1-тармағының 1-бөлігі бойынша ескерту берілді. Оған қоса ҚР ӘҚБТК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
«Қала тұрғыны кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді. Бұл әрекеттерді әлеуметтік желіде белсенді болу үшін жасағанын айтты», — деп жазды құзырлы органнан.