Жамбыл облысының бес ауылында мүлдем байланыс жоқ

Жамбыл облысындағы 5 ауылда мүлдем мобильді байланыс жоқ. 367 ауылдың 72-сі әлі күнге дейін төмен жылдамдықты 2G және 3G мобильді интернетпен отыр. Ал талшықты-оптикалық байланыс желісі жоқ ауылдар саны –185, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байланыссыз отырған ауылдардың қатарында Сарысу ауданының Арыстанды, Шығанақ, Жайлаукөл, Қамқалы ауылдары және Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылы бар.

Жамбыл облыстық цифрлық технологиялар басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, өңірдегі 150 елді мекенде 4G бар. Ал мүлдем байланыссыз отырған 5 ауылға алдағы уақытта «Кселл» мобильді интернеті орнатылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *