Шымкентте пәтер ішінде жалғыз қалған бүлдіршін қылтимадан құлап кете жаздады

Оқиға бүгін түнгі сағат 01:30 шамасында болды. Республика даңғылы бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы қылтимада жалғыз отырған сәбидің құлап кету қауіпі туындаған. Жағдайды көрген сол жердегі тұрғындар Төтенше жағдай департаментінің 112 құтқару қызметіне хабар берген.
«Құтқарушылар оқиға орнына 12 минутта жетті. Есікті арнайы құралдармен ашып кіргенде шамамен 2 жасар сәби пәтер ішінде жалғыз жүрген. Қасында ата-анасы болмаған. Баланың жағдайы жақсы. Ешқандай медициналық жәрдемді қажет етпеді. Ата-анасы мен аты-жөнін анықтау мақсатында бүлдіршін полиция қызметкерлеріне табысталды» — делінген ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *