Еліміздің бас санитариялық дәрігері сайлау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Есмағамбетова ел аумағында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуіне, сондай-ақ қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қаулы шығарды.
Оған сәйкес, сайлау кезінде сайлау учаскелерінің бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебімен толымдылығын ескере отырып, сайлау процесіне қатысушылардың ағымын реттеу қажет.
Учаскелерде желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі керек. Дауыс беру басталар алдында сайлау учаскелерінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *