Қарнақ пен Құсшы ата елді мекенінің электр желілері жаңартылды

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы мен Құсшы ата елді мекенінің тұрғындары үшін электрмен қамтамасыз ету сапасы елеулі деңгейде жақсарды. Тұрғындары көп шоғырланған бұл аймақтарды сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ПС «Атабай» 35/10 кВ қосалқы станциясына қуаттылығы 6300 кВА болатын жаңа трансформатор орнатылды.

Аталған қосалқы станция қазіргі уақытта 3765 абонентке қызмет көрсетеді, оның ішінде 295 кәсіпкерлік нысан бар. Жаңа трансформатор іске қосылған соң, электр желісіне түсетін жүктеме айтарлықтай төмендеп, қуат тапшылығының алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл өзгеріс тұрғындар үшін тұрақты жарық пен электр энергиясын, ал кәсіпкерлік нысандар үшін үздіксіз қызмет көрсету мен өндірістік процестердің сенімділігін қамтамасыз етті.

Электр желісін жаңарту жұмыстары тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартумен қатар, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, бұл шаралар энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асып, Қарнақ ауылы мен Құсшы ата елді мекенінің тұрғындары үшін өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосып отыр. Алдағы уақытта да электр желілерін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *