Кентаудың жылу жүйесі жаңарып келеді
Тоқсан жылдық тарихы бар Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығы бүгінде шаһарды сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етіп отырған бірегей стратегиялық нысан саналады. Қала тұрғындары мен әлеуметтік, өндірістік нысандарды жылумен қамтып отырған мекемеде қазіргі таңда 300-ден астам адам еңбек етеді. Көпжылдық тәжірибесі бар кәсіпорын ұжымы әр жылыту маусымына тыңғылықты дайындық жүргізуді дәстүрге айналдырған. Айталық, биыл да «Кентау Сервис» кәсіпорны қысқы маусымға дайындық жұмыстарын шілде айынан бастап қарқынды түрде қолға алған болатын. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Оның 38,2 шақырымы магистральдық жылу құбырлары болса, 130,8 шақырымы ішкі орам жылу желілеріне тиесілі. Қазіргі таңда орталықтандырылған жылу жүйесіне шамамен 14 мың абонент қосылған. Оның 108-і бюджеттік мекемелер, 2 295-і жеке сектор, 347-сі көпқабатты тұрғын үйлер және 441-і коммерциялық нысандар болып табылады.
Кентау қаласын жылумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Қаланың негізгі жылу көзі саналатын №5 жылу энергия орталығында инфрақұрылымды жаңғырту және өндірістік жабдықтар-дың сенімділігін арттыру мақсатында ауқымды жөндеу және қайта құру шаралары жүзеге асырылды. Мәселен, ағымдағы жылдың 13 қаңтардағы жағдай бойынша айтар болсақ, орта-лықта 4 қазандық (№7, 8, 10, 11) және 2 турбиналық агрегат (ТГ-3, ТГ-6) штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалған қазандықтар резервке қойылған. Қазіргі уақытта көмір қоры 13 469,78 тоннаны, мазут қалдығы 396,91 тоннаны құрап отыр.
Жылу көзінің техникалық жағдайын жақсарту мақсатында «Түркістан облысы, Кентау қаласының №5 ЖЭО №7,8,9,10,11,12 қазандықтарын қай-та құру» жұмыс жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүр-гізілді. Жобаның бас мердігері «ЭМ-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, техникалық қада-ғалауды «OTAY CONSTRUCTION» ЖШС-і жүзеге асырды. Жобаға сәйкес 2024–2025 жылдары 6 қазандықты қайта құру жұмыстары толық көлемде орындалды.
Аталған жобаға жалпы 12 878,6 млн теңге қаржы қарастырылды. Оның ішінде 9 млрд теңге Үкіметтік резервтен, 3,8 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Бүгінде 12 114,1 млн теңге игеріліп, қалдық сома 640,0 млн теңгені құрады. Қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде №7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтар толық жаңартылып, олардың тозу деңгейі 87,2 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді. Нысан толығымен аяқ-талып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, №5 жылу электр орталығында ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 667 млн теңге қаржы бөлініп, жоспарланған жұмыс-тар толық аяқталды. Жалпы станция жабдықтарын ағымдағы жөндеуден «StroyCom-LTD» ЖШС-і өткізіп, оның құны 572 383,864 мың теңгені құрады. №5 қазандықты ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Тараз-Энергоремонт» ЖШС-і жүргізіп, оған 21 900,0 мың теңге жұмсалды. Ал, №6 қазандықты жөндеуге осы мекеме тарапынан 17 400,0 мың теңге бағытталды.
Турбиналық агрегаттар бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. №3 турбиналық агрегатты ағымдағы жөндеуден «Энерго Актив» ЖШС-і өткізіп, оның құны 50 895,425 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, №6 турбиналық агрегатты жөндеу жұмыстарына 4 881,494 мың теңге жұмсалды.
