Ұлттық сапа орталығы асфальтбетон зауыттарына мониторинг жұмыстарын жалғастырады

Ұлттық сапа орталығы асфальтбетон зауыттарына мониторинг жұмыстарын жалғастырады. Жалпы Түркістан облысында асфальтбетон шығаратын 29 зауыт бар. Оның ішінде 5 завод қазіргі таңда жұмыс істемейді. 20 кәсіпорынның құжаттары түгел емес.
Сәйкес келмеген зауыттардың құжаттары түгел емес, атап айтатын болсақ:
1. Шығарылып жатқан асфальтбетонды қоспаларына сертификаттары жоқ;
2. Материалдарына сынақ хаттамалары жоқ;
3. Асфальтбетонды қоспасына таңдау (подбор) жоқ.

4 завод толығымен құжаттарын жинап ұсынды («Түркістан АБЗ» ЖШС, «Techtronic Stroy» ЖШС, «Бозарық АБЗ» ЖШС, «Алем Бетон 1» ЖШС).

Асфальтбетонды қоспа- жол құрылысына қажетті аса маңызды материал. Оның талаптарға сай болмауы- автожол сапасына әсер етеді, дейді Түркістан филиалының бөлім жетекшісі Қайрат Шәкіров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *