Төлеби ауданында күзгі көгалдандыру кезеңінде 30 мыңға жуық тал көшеті егіледі

Төлеби ауданында Ленгір-Зертас бағытындағы жол бойында көшет егу жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен шарада қара ағаш, терек, айлант, өрік көшеттері арнайы дайындалып, қоршалған аумаққа отырғызылды. Игі іске аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар және еріктілер белсенді қатысып, арнайы техника тартылды.
Биылғы күзгі көгалдандыру маусымында аудан аумағын көріктендіру мақсатында 30 мыңға жуық сәндік және өзге де ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Сенбілік шарасында жол бойына 2 мыңнан астам көшет егілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *