Отырарлық көпбалалы аналар марапатталды

Отырар ауданында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейітқұл Қыдырбай қатысып, аналарға мемлекет тарапынан берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Шара барысында елдің демографиялық дамуына және ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген отырарлық 2 ана «Алтын алқа», ал 6 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар, аналарға куәліктер табысталып, аудан әкімдігі атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, бүгінде Отырар ауданында 66 батыр ана, 677 «Алтын алқа» иегері, 1 333 «Күміс алқа» иегері және 134 І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған ана бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *