«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
 Аталған іс-шараға кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты.
 Іс-шара барысында азаматтарға кәсіпкерлік саласындағы рұқсат құжаттарын, лицензия алу тәртібін, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған мемлекеттік гранттар мен бағдарламаларды пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, заңнамадағы жаңалықтар мен салықтық режимдер туралы мәлімет беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *