РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОП КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

 Кентау қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан құрылған топ келіп, бірнеше әленуметтік нысандарды аралады.
Топ құрамында ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ұлжан Еркінқызы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мамбетова, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бас маман Луиза Арымбек, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Жандосова Баян, Кентау қаласының әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова болды.
Сапар барысында алдымен қалалық «Отбасын қолдау орталығы» мекемесінде болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Әлеуметтік нысандарына мониторинг жүргізіліп, отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балаларды қолдау бағытындағы жұмыстар қаралды.
Жұмыс сапары қалалық емханадағы «Алау» жастар денсаулық орталығы және Кентау қаласының психологиялық-педогокикалық түзету кабинетінің жұмысымен жалғасты.
Іссапар барысында комиссия мүшелері Кентау қалалық емханасына қарасты «Алау» жастар денсаулық орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың қызметкерлері жастар арасында жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстары, салауатты өмір салтын насихаттау, психологиялық қолдау көрсету және репродуктивті денсаулықты қорғау бағытындағы жобалар жайлы баяндап берді.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері орталықтың материалдық-техникалық базасымен, ақпараттық-білім беру кабинеттерімен және тұрғындарға ұсынылатын профилактикалық шараларымен танысты.
 Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *