САРЫАҒАШТЫҚ ПАЛУАН – «ТОЛАҒАЙ» АЛЫПТАР САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

2025 жылғы 10–21 қыркүйек аралығында Алматы облысында өтіп жатқан «Ақ бидай» республикалық VІІІ ауыл спорты ойындарында Сарыағаш ауданының намысын абыроймен қорғаған палуан жеңіске жетті.
Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тумасы, мықты спортшы Бағлан Мырзатай «Толағай» алыптар сайысында ерекше көзге түсіп, қарсыластарына дес бермей чемпион атанды. Жуырда ғана Өзбекстанда өткен халықаралық жарыстан жүлдемен оралған Бағлан бұл жолы да жоғары нәтижесімен жанкүйерлерін қуантты.
Бағлан Түркістан облысы құрамасының сапында сайысқа түсіп, «Толағай» көпсайысының бағдарламасына енген тас көтеру, найза лақтыру, бөрене көтеру және арба сүйреу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *