Түркістан облысында биыл 750 шақырымға жуық жол жөнделеді
Түркістан облысында 2023 жылы 743,6 шақырымдық жол мен көшеге, сондай-ақ 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар Ұлттық сапа орталығының тұрақты бақылауында болады.
Жалпы Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің ұзындығы — 17 487,8 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар 723,1 шақырым жолдың 94,8% — жақсы және қанағатты жағдайда. Жергілікті маңызы бар 5 755,1 шақырым жолдың 89% — жақсы және қанағатты жағдайда. Елдімекендердегі 11 009,6 шақырым жолдың 62% — жақсы және қанағатты жағдайда.