ТҮРКІСТАН: «ТҮНГІ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

«Түнгі кітапхана» жобасы аясында Бәйдібек ауданында ақын Мұқағали Кенжетайұлының шығармашылық кеші өтті. «Жүрегімде миллиондардың тағдыры» атты поэзия кешіне облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер мен жақындары қатысты.
Кешті Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ашып берді. Жиында зиялы қауым өкілдері мен ата-анасы құттықтау сөз сөйлеп, батасын берді. Жыр кешін ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Айдар Сейдазым тізгіндеді.
Сонымен қатар, Жастар аллеясында арнайы дайындалған көрме инсталляция көпшілік назарына ұсынылды. Кеш иесі өлеңдерінің тарихын баяндап, туындыларын оқып берді. Бәйдібек аудандық мәдениет үйі әртістерінің орындауында Мұқағали Кенжетайұлының өлеңдерінен композиция сахналанды. Сондай-ақ, «Конгресс холл» кешенінің әншілері өнер көрсетті. Ақынның сөзіне жазылған бірнеше ән шырқалды. Кеште әнші, композитор Ғабит Шырынбековтің Мұқағалидің сөзіне жазылған «Қызыма» деген әнінің тұсауы кесілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *