ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, сала мамандарын құттықтады.
Сонымен қатар, мерекелік жиынға облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Сундетали Калдыбеков және тағы да басқа мекеме басшылары қатысты.
Іс-шара барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Сундетали Калдыбеков үздік су мамандары мен ветеринария өкілдеріне марапаттарды табыстады.
Іс-шарада кәсіби мереке иелері ҚР Президентінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы», ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Құрмет грамотасы», Түркістан облысы әкімдігі және облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасы», Грамотасына және Алғыс хаттарына, сондай-ақ өзге де марапаттарға ие болды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің
Түркістан облыстық аумақтық
инспекциясының баспасөз қызметі