101 ЖАСАР СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 Биыл Ұлы Жеңіске жыл толып отыр. Ел басына күн туғанда қиын – қыстау заманда қолына қару алып, болашақ ұрпақ үшін қан майданда от кешкен арыстардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу – қанымызға сіңген үрдіс.
 Түркістан облысы полиция департаменті Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Еркеғали Мейірбеков пен бөлім басшылары соғыс ардагері Бадан Төребайдың шаңырағында болып, Ұлы Жеңістің жылдық мерейтойымен құттықтап, сый-сияпатын табыстады.
 «Біз Сіздердей ардагерлер алдында мәңгі қарыздармыз. Сондықтан осынау жарқын мереке қарсаңында өздеріңізге құрмет көрсетіп, құттықтап шығу игі дәстүрге айналған. Аға ұрпақ өкілдерін тек қана мереке қарсаңында емес, жыл бойы назардан тыс қалдырмай, мұң-мұқтажын ескеріп, көңіл бөліп отыру барлығымыздың парызымыз деп есептеймін»,- деді Е.Мейірбеков.
Ардагер Бадан Төребай полицейлерге өскелең ұрпақтың, елдің амандығы мен бейбіт заманда ғұмыр кешкенін тілеп, ақ батасын берді.
 Б.Төребай 1924 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылған. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталған. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *