ЖЕТІСАЙДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
9 Мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков бастаған бір топ полиция қызметкерлері аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Папков Петр Кузьмичтің үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Құрмет көрсетуші топ ардагерге Алғыс хат пен мерекелік сый-сияпат табыстап, Отан үшін от кешкен майдангерге ризашылық білдірді.
1942 жылы әскер қатарына алынып, гвардиялық бөлім құрамында жауға қарсы соғысқан Петр Кузьмич батырлығы үшін түрлі дәрежедегі мемлекеттік наградалармен марапатталған. Алдағы шілде айында ардагер 100 жасқа толады.
Полиция қызметкерлері ардагерге мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі