ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында маңызды шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Түркістандағы «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батырлары мен соғыс ардагерлерінің мазараттарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық рухты көтеру және жас ұрпаққа патриотизм мен тағзым мәдениетін насихаттау.
Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалынан басталған зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы экспедиция Түркістанға жетіп, «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батыры Расул Есетов пен Ауған соғысының ардагері Абдулхаким Ергешовтің рухына Құран бағыштап, зират маңын тазарту жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шара батырларымыздың ерліктерін еске алып, олардың рухына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Экспедиция мүшелері іс-шараның тек Түркістанмен шектелмейтінін, алдағы уақытта Отырар және Ордабасы аудандарында да жалғасатынын айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *