САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ПОЛИГОНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологияны жақсартып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараға аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы қатысып, тұрғындарды экологиялық тәртіп пен санитарлық тазалықты сақтауға, әрдайым белсенді болуға шақырды.Тазалық жұмыстарына
аудандағы 11 ауылдық округтен тұрғындар қатысып, көшелерді күл-қоқыстан тазартты.
Сондай-ақ, ағаштар әктеліп, каналдар мен қураған ағаштар ретке келтірілді. Жаппай сенбілікке барлығы 7456 адам қатысып, 32 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 112 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы полигон аумағына тасымалданды. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген жанашырлығын оятуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *