ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Төлебиде балық шаруашылығын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданда балық шаруашылығымен 16 кәсіпкер айналысса, 5 шаруашылық биылғы жылы ашылған. Осы ретте, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов инвесторлармен кездесті.
Аудандағы Киелітас ауылдық округіндегі “FISH-House” ЖШС мекемесі балықтың сазан және форель түрін уылдырықтан көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Инвестиция құны 400 млн теңгені құрайды. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель, 3 тонна бекіре тұқымдас, 10 тонна жабақ балығын жіберген. Шаруашылық 50 ауыл тұрғынын уақытша жұмыс орнымен қамтып отыр. Алдағы уақытта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлаған.
Сондай-ақ, Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі «Шымкент балық» ЖШС шаруашылығы балық өсіруге арналған алты бассейн жасап, форель балықтарын өсіріп, жылына 300 тонна өнім алуды қолға алған.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы кәсіпкермен кездесті. Оларды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдары қарастырылатынын айтты. Оларға балық шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін айтып, кәсіпкерлерге заң аясында қолдау көрсетілетінін түсіндірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *