АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы мен білім басқармасы тараптарынан
Таулы Қарабахтағы орын алған этносаралық қақтығыс кезіндегі ұрыс қимылдарын реттеуге қатысқан ардагер азаматтарға арнайы құрмет көрсетіліп, жастар арасында отансүйгіштік пен патриотизм қасиетін орнықтырып,оны нығайтуға бағытталған мақсатта салтанатты түрде ауқымды мәдени- спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Осы іс-шара барысында медициналық колледждің студенттері мен ардагерлер арасында тирден нысана ату, атыс қаруын бөлшектеп- жинау бойынша жарыстар өткізілді. Өнер шеберлері ардагерлерге арнап танымал әндерді орындап, олардың ризашылықтарына ие болды.
Мәлени-спорттық шаралар соңында облыстық Қоғамдық даму басқармасы,Түркістан қаласының әкімдігі және көптеген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың атынан Таулы Карабах ардагерлері мен спорттық сайыстарда үздік болған азаматтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, ҚР ішкі істер органдарының құрметті ардагері