КЕЛЕСТЕ 7 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Келес ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тал көшеттерін отырғызды. Аудан басшысы тұрғындарды елді мекендерді тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.
– Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде жүзеге асыруға шақырамын. Сонымен қатар, ауыл мен елді мекендерде тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз. Туған жерімізді бірге көркейтейік, — деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Ауданда өткен тазалық шарасына 7 мыңнан астам адам қатысып, 6 мың тал көшеттері егіліп, 8 техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстар барысында аудан аумағындағы көше бойлары, арық атыздар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің аумақтары күл-қоқыстардан тазартылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі