ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ БОКСШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Қазығұрттық Арман Болатбекұлы Румыния мемлекетінің Брэила қаласында өткен «DRACULLA OPEN» атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық бокс турнирінде 1-орынға ие болды. Жарыста ол Греция, Молдова, Румыния елдерінен келген боксшылармен жұдырықтасқан.
Бүгінде ол Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жүрген талантты спортшылардың бірі. Оның дәлелі ол – бокстан ҚР 6 дүркін чемпионы атанған. Бүгінде Қазығұрт ауданындағы «№11 колледж» МКҚК-ның «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығының І-курс студенті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі