САЙРАМДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Жуырда Шымкент қаласында «Жасқанат» волейбол академиясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Спорттық сайысқа елімізден 12 команда қатысып, өзара бақтарын сынады. Нәтижесінде сайрамдық «Ақсу жекпе-жек» спорт клубының волейболшы қыздары жеңіске жетті.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында «Volleyball kids» волейбол мектебінің ұйымдастыруымен «Winter cup» республикалық турнирі өткен болатын. Дүбірлі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 команда қатысты. Нәтижесінде «Ақсу жекпе-жек» спорт клубының жасөспірім жігіттерінен құралған команда республикалық турнирдің чемпионы атанды. Осылайша, «Ақсу жекпе-жек» спорт клубының «Сайрам» командасы ел көлемінде өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі