ТҮРКІСТАНДА ТРОПИКАЛЫҚ ТАЛДАР ӨСЕТІН САЯБАҚ АШЫЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы бірқатар құрылыс нысандары мен қала аумағын аралады. Ең алдымен шаһар басшысы Жібек жолы тұрғын үй кешені мен 5 қабатты 20 үйдің құрылыс сапасын қадағалап, Түркістандағы ерекше жобалардың бірі «Белсенді демалыс» саябағында болды.
Жоба табиғат пен спортты және білім беруді үйлестіретін заманауи көпсалалы кешен болып табылады. Кешен аумағында әлемнің әртүрлі аймақтарынан әкелінген 68-ден астам өсімдік түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізінің, Латын Америкасының, Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның және басқа да аймақтардың өсімдіктері бар. Арнайы мексикалық, тропикалық, шөлді субтропикалық және цитрустық аймақтар ұйымдастырылған.
Парк аумағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, балалар ойын алаңдары, сонымен қатар 2 шақырым жүгіру, веложолақтар қарастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *