Қазақстанда ауылшаруашылық дрондары жиналатын болады

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін пайдалану мен кеңейтудің тиімділігі қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Әлемнің 100-ден астам елінде ауылшаруашылық дрондарын қолданудың халықаралық тәжірибесі жерүсті бүріккіш-техниканың орнына ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланудың елеулі артықшылығын көрсетеді. Бүгінде дүние жүзінде агродрондардың көмегімен 500 млн гектардан астам егістік өңделді. Суды үнемдеп жұмсау есебінен әлем бойынша шамамен 210 млн тонна суды үнемдеуге, СО2 эмиссиясын 25 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік туды. Ауылшаруашылық дрондары жетуі қиын жерлерді өңдеп, зерттеуге мүмкіндік береді. Олар кез келген ауа райында, тәулік бойы, жаңбыр кезінде және түнде жұмыс істейді.
«Мысалы, өздігінен жүретін бүріккіш гектарына 150 литр су жұмсайды, 5 мың гектарға шамамен 750 мың литр су қажет. Ал, дронға дәл осындай аумақты өңдеу үшін 50 мың литр қажет, бұл 15 есеге аз. Сонымен қатар жұмыс кезінде өздігінен жүретін бүріккіш сорап құрылғыны басып кетеді, бұл фермерге өнімнің шамамен 6%-ын жоғалтуына әкеледі. ҰҰА дақылдарға мұндай зиян келтірмейді», — деді кеңесте агродрондарды пайдаланатын компанияның өкілі Санжар Нұрғазинов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *